Басты бет / Қысқы спорт / Биатлон / ГАЛИНА ВИШНЕВСКАЯ МАСС-СТАРТТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ГАЛИНА ВИШНЕВСКАЯ МАСС-СТАРТТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Универсиада ойындарындағы биатлон жарыстарының соңғысы масс-стартпен аяқталды.

Қыздар арасындағы сайыста отандасымыз Галина Вишневская чемпион атанды. 20 нысананың тек біреуінде ғана қателік жіберген ол, жүгіру жылдамдығы бойынша барлығынан басым түсті.

Галина мәре сызығына үлкен басымдылықпен жетті. Соңғы кезде Қазақстанның көк туын төбесіне көтеріп, мәре сызығын абыроймен кесті.

Екінші орында Украиналық Яна Бондар, үшінші орында Ресейлік Лариса Куклина. Қазақстандық Елизавета Бельчинка төртінші болып, жүлдеге сәл жетпей қалды.

Сондай-ақ

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

  Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңі өтуде. 10-шы ақпан …