Осы күнгі архивтер: 17.09.2018

БУНДЕСЛИГА: «БАВАРИЯ» — «БАЙЕРДІ» ЖЕҢДІ

Германия біріншілігінің 3-ші кезеңінде «Бавария» өз алаңында «Байермен» ойын өткізді. «Альянц Арена» стадионында өткен ойында алаң иелері бірінші таймның басында он бір метрлік айып добынан гол жіберіп алғаннан кейін, тез арада есеп басын теңестіріп кетті. Ал 18-ші минутта «Бавария» клубының ардагер ойыншысы Роббен тағы бір гол соғып, командасын алдыға шығарды. …

толық оқу»

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II БОКС КЕШІНДЕ АТАҒЫН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (30-0, 25 КО), бірінші жартылай салмақтағы WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сәтті қорғап қалды. Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өткен, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жек кешінде, Хайме Мунгия шаршы алаңда, Қанат Исламнан нокаутпен жеңілген канадалық Брэндон Кукпен (20-1, 13 КО) кездесті. Мунгия үшінші раундта Кукты …

толық оқу»

ЛИГА 1: «ПСЖ» ӨЗ АЛАҢЫНДА «СЕНТ-ЭТЬЕННДІ» ТАС ТАЛҚАН ЕТТІ

Томас Тухельдің шәкірттері «Сент-Этьеннмен» өткен ойында, ешқандай қиындықсыз 4:0 есебімен жеңіске жетті. Франция біріншілігінің 5-ші кезеңі аясында «ПСЖ» клубы өзінің басты жұлдыздары Неймар мен Мбаппесіз кездесу өткізді. Дегенменде, басқада ойыншылар қарсыласының қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, кезекті үш ұпайды қанжыларына байлады. 6-шы кезеңде «ПСЖ» сырт алаңда «Реннмен» кездеседі. «ПСЖ» 4:0 …

толық оқу»

ГОЛОВКИН — КАНЕЛОМЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ЖАЙЛЫ БЕЙНЕСЮЖЕТ ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ресми Youtube арнасында Сауль Альвареспен өткізген екінші жекпе-жегі жайлы вюдеосюжет жариялады. Лас-Вегаста өткен бокс кешінде отандасымыз Геннадий Головкин қарсыласы мексикалық Сауль Альвареске төрешілердің шешімімен — 115-113, 115-113 114-114 есептерімен есе жіберді. Бұл, Қазақ елінің мақтанышы Геннадий Головкиннің кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі болды. GGG кәсіпқой мансабында …

толық оқу»

КАРАТЭШІ ДАНИЯР ЮЛДАШЕВ БЕРЛИНДЕГІ ПРЕМЬЕР-ЛИГАДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Германия астанасы Берлинде каратэден «Premier League Berlin 2018» халықаралық турнирі өтті. Аталған турнир Токио Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық сын саналады. Сол себепті, мұнда жүлдегер атану оңай емес. 84 келі салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Данияр Юлдашев Берлин төрінде өз мықтылығын тағы да дəлелдеді. Юлдашев кіл мықтылармен айқасып, финалда əлем чемпионы, …

толық оқу»

ЛА ЛИГА: «АТЛЕТИК» МЕН «РЕАЛ МАДРИД» ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАЙ АЛМАДЫ

Хулен Лопетегидің командасы сырт алаңда ойын өткізіп, жаңа маусымда алғашқы рет ұпай жоғалтты. Испания біріншілігінің 4-ші кезеңі аясында Бильбао қаласында өткен ойында, жерглікті «Атлетик» қарсыласы «Реал Мадридке» тойтарыс берді. Ойындағы екі голда бірінші таймда соғылды. Екінші таймда қос команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болған еді, бірақ ешқайсысы гол соға алмады. …

толық оқу»

ҚХЛ: «БАРЫС» — «АҚ БАРСТАН» БАСЫМ ТҮСТІ

Құрлықтық хоккей лигасы алтыншы кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында қазандық «Ақ Барсқа» қарсы ойын өткізді. Астана қаласында өткен кездесу өте тартысты болды. Негізгі үш таймда екі команда 3:3 есебімен тең ойнады. Қосымша таймда да жеңімпаз анықталмады, тек буллиттер сериясында ғана «Барыс» ойыншылары шеберлік танытып, өз голдарын соғып командасына жеңіс алып …

толық оқу»

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АРАЛАС ЭСТАФЕТАДА РЕСЕЙ КУБОГІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Коломна қаласында шорт-тректен Ресейдің ашық кубогі аяқталды. Қазақстандықтар аралас эстафетада топ жарды. Анастасия Крестова, Әлия Ким, Абзал Əжіғалиев, Әділ Ғалиахметов жəне Денис Никиша аралас эстафетада бірінші болды. Ғалиахметов жартылай финалда, ал Əжіғалиев финалда бақ сынағанын ескертеміз. Сондай-ақ, 1000 метрге жарысуда Абзал Əжіғалиев қола жүлдегер атанды. Абзалдың 500 метрлік сында екінші …

толық оқу»

ALMATY ARENA ҮЛКЕН ФУТБОЛМЕН ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Биыл Алматыға 1002 жыл толуына байланысты қалада көптеген мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылуда, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Бүгін Almaty Arena стадионында қала күніне арналған футболдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарыс аяқталды. Оған 7-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, 60-қа жуық команда өзара мықтыны анықтады. — Осындай турнир Almaty …

толық оқу»

АЛМАТЫДА АЛҒАШҚЫ РЕТ БАСКЕТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алғашқы рет баскетболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Қазақстан ұлттық құрамасы F тобында өздерінен бір ұпай қалып жатқан Жапония құрамасына қарсы ойнады. Бұл тартысқа толы өткен кездесуде 85:70 есебімен қонақтар жеңіске жетіп, екі ұпайға ие болды. …

толық оқу»