Басты бет / Басқа түрлер / Баскетбол / БАСКЕТБОЛШЫЛАР ЖЫЛДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

БАСКЕТБОЛШЫЛАР ЖЫЛДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Президенттік «Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасының кезекті турында «Нижний Новгородты» 93:84 (31:28, 17:15, 25:20, 20:21) есебімен ұтты.

«Астана» баскетболшылары ойын бойы толықтай басымыдылықты өз қолдарына алды. Үш кезең бойынша жарыс қожайындары 73:63 есебімен алдыға шықты. Қонақтар қанша тырысқанымен есепті теңестіре алмады. Біздің құрама сапынан Усман Крубалли сауатты ойын өрнегін көрсетіп, есепті 85:70-ге жеткізді. Бұл есеп тіркелгеннен кейін жеңісті ұпай 93:84-ке жетті.

Нәтижелі ойыншалыр:

«Астана»: Роберт Лоури (18), Родерик Одом (15+5), Усман Крубалли (14+8), Рустам Мурзагалиев (12), Иан Миллер (10+5)

«Нижний Новгород»: Иван Стребков (20+7+8), Кенни Бойнтон (15+5), Максим Григорьев (12), Томислав Зубчич (11), Сиим-Сандер Вене (10), Деандре Кейн (10)

 

 

 

Сондай-ақ

БАЛАНДИН БҮКІЛӘЛЕМДІК УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ

  ҚазҰУ студенті, Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының елшісі болып тағайындалды. Республикалық …