Басты бет / Басқа түрлер / Волейбол / «АЛТАЙ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

«АЛТАЙ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың финалдық кезеңі аяқталды. Соңғы тур ойындары өткізіліп, жеңімпаздар мен бірнеше номинацияларда үздіктер анықталды. «Алтай» қыздары «Астана» волейболшыларын, «Ертіс – Қазхром» «Алматы» клубынан, «Жетісу» ұжымы «Қарағанды» қыздарынан басым түсті.

Кездесулер есебі:       

«Алматы» –  «Ертіс –  Қазхром»  –  0:3 (23:25, 17:25, 9:25)
«Жетісу» –  «Қарағанды»  –  3:0 (25:16, 25:10, 25:6)
«Астана» –  «Алтай»  –  0:3 (21:25, 13:25, 16:25).

Қорытынды турнирлік кесте:

КомандаҰпай
 1«Алтай»  78
 2«Ертіс – Қазхром»  75
 3«Жетісу»  61
 4«Алматы»  30
 5«Астана»  25
 6«Қарағанды»   1

Номинациялар бойынша үздік атанған волейболшылар:

Үздік пас беруші:  Коринна Ишимцева  («Жетісу»)

Үздік шабуылшылар:  Радмила Береснова  («Ертіс – Қазхром»)

Юниеска Роблес Батиста  («Алтай»)

Үздік блок қоюшылар:  Кристина Аниконова  («Алтай»)

Алла Богдашкина  («Ертіс – Қазхром»)

Үздік доп қабылдаушы:  Алия Садықова  («Алтай»)

Үздік қаптал ойыншы:  Кристина Карапетян  («Ертіс – Қазхром»)

Турнирдің ең құнды ойыншысы:  Сана Анарқұлова  («Алтай»).

23 жасқа дейінгі дубльдік командалар арасында да соңғы кездесулер өткізіліп, «Алтай-2» қыздары жеңімпаз атанды. «Ертіс – Қазхром-2» – күміс, «Жетісу-2» – қола медаль иегерлері атанды.

Кездесулер есебі:

«Алматиночка – Алматы» –  «Ертіс – Қазхром-2»  – 0:3 (21:25, 10:25, 23:25)
«Жетісу-2» –  «КЭУК – Қарағанды»  – 3:1 (23:25, 25:11, 25:14, 25:18)
«Астана-2» –  «Алтай-2»  – 0:3 (19:25, 22:25, 18:25)

Қорытынды турнирлік кесте:

КомандаҰпай
 1«Алтай-2»  66
 2«Ертіс – Қазхром-2»  53
 3«Жетісу-2»  36
 4«Алматиночка  –  Алматы»  27
 5«КЭУК – Қарағанды»  23
 6«Астана-2»  20

Материалды дайындаған: Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯ ГРАН-ПРИІНЕН 2 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

  24 сәуір күні Қытайдың Цзиньхуа қаласында жеңіл атлетикадан Азия құрлығының чемпионаты мәресіне жетті. Бұл …