Басты бет / Қысқы спорт / АЗИАДА: ДЕНИС ТЕН ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАНЫ СӘТСІЗ ОРЫНДАДЫ

АЗИАДА: ДЕНИС ТЕН ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАНЫ СӘТСІЗ ОРЫНДАДЫ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Жапонияда өтіп жатқан VIII қысқы Азиада ойындарының аясында қысқа бағдарламасын көрсетті.

Денис Тен маусым басындағы бағдарламасы, «Who Wants to Live Forever by Queen» әуеніне тағы да билеп шықты. Қысқа бағдарламасы үшін отандасымыз 72,98 ұпай жинап, жалпы есепте 9-шы орында аяқтады. Тағы бір отандасымыз Абзал Рахымғалиев 14-ші орыннан көрінді.

Енді қос спортшымыз Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев еркін бағдарламада жүлде үшін таласып көрмек.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ПАРАДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

Қыркүйектің 7-сі күні Атырау облысында бұрын-соңды болмаған парадзюдо бәсекесі өтеді. Осыған орай бүгін «Гран при Қазақстан-2017» …