«ПСЖ» ФРАНЦИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Франция чемпионатының бірінші кезеңінде, өткен маусымның чемпионы «ПСЖ» ешқандай қиындықсыз «Кан» командасын жеңді.

Томас Тухельдің шәкірттері «Кан» қақпасына үш гол соқты. Кездесудегі алғашқы голды Неймар соқты, ал Рабьода өз голын соғып көзге түссе, Веада гол соғып ойынның нүктесін қойды.

Париждік клуб келесі ойынын 18 тамызда Лига 1-дің 2-ші кезеңінде «Генгам» клубына қарсы өткізеді.

«ПСЖ» 3:0 «Кан»

Голдар: 10′ Неймар, 35′ Рабьо, 89′ Веа.

«ПСЖ»: Буффон, Маркиньос, Тиаго Силва, Дагба, Нсоки, Рабьо, Диарра (Диаби 70′), Ди Мария (Дракслер 70′), Бернед, Нкунку, Неймар (Веа 82′).

«Кан»: Самба, Женевуа, Мбенге (Имору 46′), Армугом, Джику, Фажр, Онианге, Петерс, Деменге (Кривелли 62′), Нинга (Ставицки 77′), Тчокунте.

Фото: «ПСЖ» клубының твиттерінен

Бөлісу:

Добавить комментарий