БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ ОН ТӨРТІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) Канада елінде өзінің кәсіпқой бокстағы 14-ші жекпе-жегін өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.

Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға көтерілген отандасымыз Батыр Жүкембаевтың қарсыласы мексикалық боксшы Патрисио Морено (20-2, 14KO) болады.

Жекпе-жектің бірінші раундта қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет нокдаун алды. Ал екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Кейін жетінші раундта Батыр бүйірден ауыр соққы жасап, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бастапқыда жекпе-жек WBC International чемпиондық белбеуі үшін өтеді деп жарияланған болатын. Бірақ, жекпе-жекке бір күн қалғанда ұйым чемпиондық белбеуі үшін өз рұқсатын бермеді.

Айта кетсек, Батыр соңғы жекпе-жегін 26-шы мамырда өткізіп, қарсыласы аргетиналық Джонатан Хосе Энисті 7-ші раундтында нокаутпен жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша Америка аймағының чемпионы атанған болатын.

Сурет: «batyr_jukembaev» Instagram парақшасынан

Бөлісу:

Добавить комментарий