ӘЛИ АХМЕДОВТЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (12-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы он үшінші жекпе-жегін өткізеді.

11-ші қазан күні Коста-Месада (Калифорния штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін отандасымыздың қарсыласы мексикалық боксшы Йовани Хавьер Гомес (17-14, 11 КО) болады.

Естеріңізге сала кетсек, Әли Ахмедов «GGG Promotions» промоутерлік компаниясының боксшысы. Ол Big Bear-да Геннадий Головкинмен бірге бапкер Абель Санчестің қол астында жаттығады.

Ахмедов соңғы жекпе-жегін 8-ші тамыз күні Голливудта (Калифорния штаты, АҚШ) орналасқан «Авалон» аренасында өткен «Hollywood Fight Nights 2» бокс кешінде өткізіп, қарсыласы жергілікті боксшы 33 жастағы Хорхе Эскалантені (9-1-1, 6 КО) алты раундқа жоспарланған кездесудің төртінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу:

1 пікір “ӘЛИ АХМЕДОВТЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Добавить комментарий