ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Matchroom Boxing» промоутерлік компаниясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегін жариялады.

Қазақстандық боксшы Данияр 20-шы қазан күні Бостонда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде, орта салмақта WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс пен Деметриус Андраде кездеседі. Болашақта екі боксшы да отандасымыз Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Айта кетсек, бұл Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегі болады. Бірақ, әзірге Елеусіновтің қарсыласының есімі белгісіз.

Данияр тамыз айының басында кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласы венгриялық Габор Горбичті (24-11, 14 КО) алты раундтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Сурет: «Matchroom Boxing» Twitter парақшасынан

Бөлісу:

Добавить комментарий